ШҚО балы Еуропа нарығына шықты

/
ШҚО балы Еуропа нарығына шықты
istockphoto.com

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың мәліметінше, биыл өңірде астық өнімділігі 101,5%-ға, майлы дақылдардың өнімділігі 107%-ға артты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Экспорттағы өңделген өнім үлесі 66%-дан 71%-ға жетті. Цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-ы өнімділікті гектарына 30 центнерге арттыруға мүмкіндік берді. Агроөнеркәсіп кешенінде сыртқы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай, Ресей және Өзбекстан елдерімен өзара іс-қимыл жолға қойылған.

«Жерлестеріміз Еурокомиссия тізіміне енген алғашқы қазақстандық кәсіпорын ретінде Еуропаның 27 еліне Шығыстың балын жеткізу мүмкіндігіне ие болды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Балық шаруашылығында да өңір көш бастап тұр. Биыл 2,5 мың тонна тауарлы балық өндіріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары