«Бақыттары баянды болсын»: Медеу Арынбаев ел күткен қуанышты жаңалығын жариялады

/
«Бақыттары баянды болсын»: Медеу Арынбаев ел күткен қуанышты жаңалығын жариялады
Видеодан скриншот

Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасында алдағы қуанышын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, келер жылы ұлын үйлендіріп, шаңырақ көтертпек. Әнші ұлының өз сүйген қызы бар екенін, ата-ана ретінде олардың шешіміне толықтай құрметпен қарайтынын жеткізді.

«Келер жылы ұлымды үйлендірмек ойымыз бар. Қол ұстасып жүрген қызы бар. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі біледі. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым: “Ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар” деп айтып жүремін. Ең бастысы – бақыттары баянды болсын», – деді Медеу Арынбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары