Шымкентте алкоголь өнімдерін өндірген заңсыз цех анықталды

/
Шымкентте алкоголь өнімдерін өндірген заңсыз цех анықталды
gov.kz

2025 жылғы 10 қарашада Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шымкент қалалық Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып алкоголь өнімін өндіретін жасырын цех анықталды.

Тексеру нәтижесінде: «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке (0,5 л) алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр 5 еврокуб (көлемі 1 тоннадан) этил спирті белгілері бар сұйықтық, өнім құюға арналған 2 аппарат, 10 000 дана бос бөтелке тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары