Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ұлжан жартылай финалда үндістандық Жасминмен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте үнді боксшысы жеңіске жетті.