Жетісайдағы өрт: Зардап шеккен үш адамның жағдайы белгілі болды

/
Жетісайдағы өрт: Зардап шеккен үш адамның жағдайы белгілі болды
Фото: freepik.com

18 қарашада Жетісай ауданында болған өрттен кейін зардап шеккен үш адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Өңір дәрігерлері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауруханаға екі ересек адам мен бір бала жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

«Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, жағдайы профильді мамандардың тұрақты бақылауында», – деп хабарлады Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Жетісайға облыстық медицина ұйымдарынан қосымша мамандар жіберілді. Зардап шеккендер қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілген. Жағдай Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары