Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында оқушылар арасында жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты кейбір сыныптар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Абай облысында эпидемиологиялық жағдайға қатысты штаб отырысы өтті.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл – негізінен профилактикалық шара.
"Бүгін эпиджағдай бойынша штаб отырысы өтті. Бас дәрігер білім басқармасына профилактикалық шараларды күшейту жөнінде ұсыныстар берді. 2025 оқу жылы басталғалы бері барлығы 5558 оқушы ауырды, оқушылардың аурушаңдықтағы үлесі жалпы көрсеткіштің 17,2 пайызын құрайды", — деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков.
Шығыс Қазақстан облысында маусымдық вирустық аурулардың өсуіне байланысты 150-ден астам сынып қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды "Устинка Live". Сабақтардың жүргізілуіне қатаң бақылау жасалады.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 23 жалпы білім беретін мектептің 169 сыныбындағы 3015 оқушы уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді.