Қазақстан Үкіметі Түркістан облысындағы өрт салдарынан қаза тапқан 12 адамның жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша — қылмыстық құрам жоқ. Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Үкіметтік комиссияның отырысы өткізіліп, жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету, өрттің шығу себептерін анықтау, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берілді», — деді Бозымбаев сәрсенбі күні өткен ҚР Үкіметінің отырысында.
3 адам зардап шеккен, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.