Қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Санжарәлі жартылай финалда Оладимеджи Шиттумен (Англия) жұдырықтасты. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) қола жүлде алған болатын.