18 қараша таңертең Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйді толықтай шарпыған.
«Барлау және өртті сөндіру барысында үйден ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ішінен 12 адамның мәйіті табылды. Оның 9-ы бала», – делінген хабарламада.
Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелерінде шара өткендіктен, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеуде. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.