Mellstroy лақап атымен танымал блогерге қатысты тергеу басталды

/
Mellstroy лақап атымен танымал блогерге қатысты тергеу басталды
Ғаламтор

Қаржылық мониторинг агенттігі Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичты (15.12.1988 ж.т.) халықаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот Буримға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінуде.

Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары