Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған сурет көрмесі өтіп жатыр

/
Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған сурет көрмесі өтіп жатыр
dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің 12-17 қараша аралығындағы Еуропадағы жеке концерттері аясында Берлинде «JULDYZ» атты әншіге арналған картиналар көрмесі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Көрме өтіп жатқан Erster Erster галереясы 14 қарашада «Stranger» шоуы болған Макс-Шмелинг-Галле маңында орналасқан. 

Суретші Пунктгеляуттың майлы бояумен және қарындашпен салған суреттері Димаштың шығармашылық өміріндегі түрлі оқиғаларды бейнелейді. 

Суретші көрмеге Димаштың суреттерін ғана емес, сондай-ақ Раушан Құдайберген мен Расул Усмановтың атмосфералық портреттерін де қойған. 

– Бұл бейнелер Димаштың музыкалық феноменнен де асып түсетін ерекше қабілеттерін көрсетеді. Дүние жүзіндегі концерттік гастрольдік сапарларымен қатар, ол өз үнін әлеуметтік мәселелерге арнайды: Димаш бейбітшілік пен білімнің жақтаушысы, жас музыкалық таланттардың қолдаушысы және елін, Қазақстанды дәріптеп жүрген азамат, - дейді басты кейіпкерінің сан қырлы бейнесін көпшілікке ұсынған автор.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары