Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам мерт болды

/
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам мерт болды
istockphoto.com

Астананың Мұқан Төлебаев көшесіндегі «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмысы кезінде лифт кабинасы құлап кетіп, шахтада болған үш жұмысшы зардап шеккен. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Ал екеуі ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары