Прокурор Яна Легкодимованы өлтіргендерді өмір бойына соттауды сұрады

/
Прокурор Яна Легкодимованы өлтіргендерді өмір бойына соттауды сұрады
Ғаламтор

Яна Легкодимованы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірген екі жігітке қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимов Янаны өлтіріп, мәйіті мен телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдары марқұмның денесін 8 ай дегенде тапты.

Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінге суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады.

Сот отырысында бүгін прокурор күдіктілерге ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары