Жүзуші Егор Попов Қазақстан рекордын жаңартты

/
Жүзуші Егор Попов Қазақстан рекордын жаңартты
Спорт комитеті

100 метр кешенді жүзу бойынша финалдық сайыста қазақстандық спортшы Егор Попов 54.44 уақыт көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұрынғы рекорд 2017 жылы Ашхабадта өткен Азия ойындарында тіркелген еді және сегіз жыл бойы жаңаланбаған.

Егор Попов – қазақстандық жүзу спортының ең үмітті жас спортшыларының бірі. 19 мамыр 2007 жылы туған. Ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп, халықаралық аренада тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 50 метр арқаға жүзу бойынша чемпион атанды, Әлем кубогы кезеңдерінің финалдарына шығып, Қазақстан чемпионаттарында табысты өнер көрсеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары