Халық әртісі Мақпал Жүнісова 12-қараша Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болған күні екенін айтып желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазды turkystan.kz.
"12-қараша Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағыңыз торқа болсын", - деді әнші.
Сондай-ақ марқұм күйеуінің жазбаларын да желіге жүктеді.
"Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді", - деп Мақпал Жүнісова "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады.
Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің шығармашылығынан да сыр шертті.
"Зәкеңнің өлеңіне жазылған әннен үзінді. "Өмір-ай". Бұл домбыраны Зәкеңе сыйға тартқан", - деді ол.