Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Дайяна Даренская Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық спортшы 68 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
Даренская қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Сауд Арабиясының өкілі Марьям Альсалахты сенімді түрде жеңді.