Биылғы жылдың қыркүйегінен бері елде 1 278 745 жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелген. Соңғы аптада — 30 қазан мен 5 қараша аралығында — 150 605 адам ауырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенованың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылғы 2024–2025 эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға аз, ол кезде бір апта ішінде 1 521 680 жағдай тіркелген болатын.
14 жасқа дейінгі балалар арасында — 848 761 жағдай тіркелген. Бұл барлық ауырғандардың 66,4%-ын құрайды.
— Маусым басталғалы бері А (H3N2) типті тұмаудың зертханалық расталған 304 жағдайы анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 173 жағдай (57%), — деді Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрлік тұмау мен ЖРВИ бойынша жағдайды апта сайын бақылауда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал күз-қыс маусымына тән қалыпты деңгейде өрбіп келеді.
Ведомство мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 4 миллионға дейін ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау жағдайы тіркеледі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі елде жаңа эпидемиологиялық өршу жоқ, тек маусымдық вирус айналымда жүр деп хабарлаған еді.