Абай облысында сотталған азамат бейнебақылауды бұзғаны үшін қосымша жаза алды

/
Абай облысында сотталған азамат бейнебақылауды бұзғаны үшін қосымша жаза алды
Polisia.kz

Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас түзету мекемесінде есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін жазасын өтеп жатқан 23 жастағы сотталған азамат мекеме аумағында орнатылған бейнебақылау жүйесінің элементтерін әдейі зақымдаған. Бұл әрекеті арқылы ол мекемеде белгіленген тәртіпті бұзып, әкімшілік тарапынан жүргізілетін бақылауға кедергі келтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот шешімімен оның іс-әрекеті мемлекеттік мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру ретінде, яғни мекеме қауіпсіздігі мен жазаны орындау тәртібіне қауіп төндіретін қылмыс ретінде сараланды.

Нәтижесінде сот үкімімен оған қосымша жаза ретінде алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осыған байланысты сотталғанның жалпы жаза мерзімі ұзартылды. Бұдан бөлек, азаматтық тәртіпте келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап-арыз да қанағаттандырылды.

— Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Бейнебақылау жүйелері мекеме тәртібін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және сотталғандар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Оларды зақымдау – ауыр құқық бұзушылық болып саналады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, — деді мекеме бастығы Аслан Нұрбеков.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары