Жаңаөзен қаласында шағын құс фермасы іске қосылды

/
Жаңаөзен қаласында шағын құс фермасы іске қосылды
Жаңаөзен Қаласының Әкімдігі

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында жеке кәсіпкердің бастамасымен шағын құс фермасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда жоба қуаттылығының 30 пайызы іске қосылған. Қалған бөлігі алдағы уақытта кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек.

Ферма толық қуатына шыққан кезде жылына 1,3 миллион дана жұмыртқа өндіру жоспарланған. Нәтижесінде 10 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде ғимараттың климаттық жағдайын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, өндіріс үшін қажетті негізгі шикізат - балапандар Ресейден жеткізілуде.

Қала әкімінің орынбасары Нұрберген Худибаев жауапты мекеме басшыларымен бірге нысанда болып, ферманың жұмыс барысымен танысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары