«Қабірге ескерткіш орнатамын»: Астана тұрғыны Instagram арқылы алаяқтықпен айналысқан

/
«Қабірге ескерткіш орнатамын»: Астана тұрғыны Instagram арқылы алаяқтықпен айналысқан
Polisia.kz

Астанада алаяқтық фактісі бойынша полицияға жергілікті тұрғын жүгінді. Белгілі болғандай, күдікті әйел “Instagram” әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушімен байланысқа шығып, қабірге арналған ескерткіш жасап беремін деп уәде берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол сенімге кіріп, алдын ала төлем ретінде 250 мың теңге алған. Алайда ақшаны алған соң уәде еткен жұмысын орындамай, жәбірленушімен байланысты үзген. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталуда, тиісті шаралары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер мен интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге сенбеуге, күмәнді жарнамалар мен парақшаларға алданып қалмауға шақырады. Егер онлайн мәміле жасалатын болса, міндетті түрде сатушының немесе орындаушының сенімділігіне көз жеткізіп, ресми келісімшарт жасаған жөн.

Еске саламыз, интернет-алаяқтық фактілері жиілеп барады. Күмәнді хабарландырулар мен парақшалар туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары