Қостанайда құбыр жарылып, саяжайларды су басты

/
Қостанайда құбыр жарылып, саяжайларды су басты
Kstnews.kz

11 қараша күні сағат 19:38-де Қостанайдағы Бас кәріздік сорғы станциясының аумағында қысыммен жүретін кәріз коллекторының ортаңғы тармағында жарылыс (апат) болды, деп хабарлайды turkystan.kz Kstnews.kz-кесілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан станцияның технологиялық алаңы мен оған іргелес аумақ, соның ішінде «Энергетик» бағбандық қоғамының кейбір телімдері су астында қалған.

Оқиға орнына «Қостанай-Су» ШЖҚ МКК мамандары жедел жетті. Апаттың салдарын шектеу үшін коллектордың негізгі тораптарындағы ысырмалар жабылып, жүйедегі қысымды төмендету мақсатында апатты ағын ашылды. Дренаждық сорғылар іске қосылды.

Қазір жарылған жерден ағынды сулардың келуі тоқтатылып, су басу аумағы оқшауланды. Су апатты резервуарға айдалып, аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Апаттың салдарын жою бойынша жұмыстарды «Қостанай-Су» мекемесінің жедел жөндеу бригадалары атқаруда.

Қала тұрғындарына және су бұру жүйесінің жұмыс істеуіне қауіп жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары