Маңғыстауда теңіз жағасынан құстардың өлексесі табылды

/
Маңғыстауда теңіз жағасынан құстардың өлексесі табылды
istockphoto.com

Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ және Баутин ауылдарының маңындағы жағалау аймақтарында мониторинг жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды turkystan.kz Astanatv телеарнасына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, нәтижесінде құстардың өлекселері анықталған.

"Аталған аумақты аумақтық инспекция, балықтеинспекциясы және табиғат қорғау полициясы қызметкерлері аралап шықты. Тексеру барысында жағалаудың әр жерінен 13 құстың өлексесі табылған. Олардың арасында үйректер, суқұзғындар мен шағала бар. Алайда, зертханалық талдау үшін үлгілер алу мүмкін болмады. Себебі, өлекселер бұзылып кеткен", - делінген хабарламада.

Аумақтық инспекция аудан әкімдігіне құстардың өлекселерінің қалдықтарын шығарып, жою жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама жіберген. Мониторинг жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары