Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталықта салмағы алты келі 690 грамм болатын алып қыз бала дүниеге келді. Сәби кесарь тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестенің анасында жүктілікті қиындатқан бірқатар диагноздар болған, олардың арасында қант диабеті, ауыр преэклампсия және семіздік бар. Медиктер мұндай жағдайлар баланың дамуына, соның ішінде туған кездегі салмағына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта ана мен сәбидің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.
