Ақтауда оқушы қыз жоғалып кетті

/
Ақтауда оқушы қыз жоғалып кетті
lada.kz

Ақтауда оқушы қыз жоғалып кетті. Ата-анасының айтуынша, бейнебақылау камералары соңғы рет қызды 1-шағын аудандағы №9-10 үйлер маңында тіркеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз. Отбасы қала тұрғындарынан қызды іздеуге көмек сұрайды және баланы табуға көмектесетін кез келген ақпаратты хабарлауды өтінеді.

Мадина 1-шағын ауданда орналасқан №3 мектептің нөлінші сынып оқушысы.
Байланыс нөмірлері: +7 (701) 439-10-86 немесе +7 (778) 321-98-39 (ата-анасы), сондай-ақ 102.

Ақтауда ата-аналар мен құқық қорғау органдары Мадина есімді қызды іздестіруде. Бала 11 қараша күні таңертең мектепке кеткен, алайда білім ордасына жетпеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары