Түркістанда жасөспірім өзінің сыныптасын ұрып өлтірді

/
Түркістанда жасөспірім өзінің сыныптасын ұрып өлтірді
istockphoto.com

Түркістанда қайғылы жағдай болды. 9-сынып оқушысы жанжал кезінде сыныптасын кеуде тұсынан ұрып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция оқиғаға қатысы бар барлық жасөспірімді ұстап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы өз сыныптасын кеудесіне ұрып, соның салдарынан ол сол жерде қаза тапқан. Оқиға кезінде болған күдікті мен басқа да қатысушыларды полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады», – делінген облыстық полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство атап өткендей, тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары