ШҚО-да Ұлы отан соғысының ардагері қайтыс болды

/
ШҚО-да Ұлы отан соғысының ардагері қайтыс болды
Алтай ауданының әкімдігі

8 қарашада Ұлы Отан соғысының және құрметті еңбек ардагері Василий Григорьевич Рудометов 98 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды Алтай ауданының әкімдігі мәлім етті.

Василий Григорьевич 1944 жылы, небәрі 17 жасында майданға шақырылды. Ол батылдық, қайсарлық және Отанына жанқиярлықпен, абыроймен соғыс жылдарынан өтті. Соғыстан кейін ол Кеңес Армиясында тағы жеті жыл қызмет етуді жалғастырды, қызметін гвардияның қатардағы жауынгері шенімен аяқтады.

Василий Григорьевич Рудометов ерлігі мен адалдығы үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.

Әскери қызметін аяқтағаннан кейін Василий Григорьевич туған жерінің игілігі үшін белсенді жұмыс істеді, қоғамдық өмірге қатысты және әріптестері мен жерлестерінің лайықты құрметіне ие болды. Ол біздің жүрегімізде әрқашан адалдықтың, еңбекқорлықтың және Отанына деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары