Олжас Бектенов дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты жұмысты күшейтуді тапсырды

/
Олжас Бектенов дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты жұмысты күшейтуді тапсырды
Үкімет

Олжас Бектенов Үкімет отандық фармацевтика өндірушілеріне жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Басты мақсат – сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайту және дәрілік заттарды барынша қолжетімді ету, деп хабарлайды turkystan.kz.

Десе де дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер, әсіресе, жыл басында жиі туындайды. Логистика мен сатып алу рәсімдерінің созылып кету мәселелері тағы бар. Ал көптеген науқастар дәрі-дәрмекті үзбей, кестеге сай қабылдауы тиіс. Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Аталған мәселелерді шешу үшін белсенді түрде саланы цифрландыру жұмыстары қолға алынды. Қазір нақты уақыт режимінде дәрі-дәрмектің бар-жоғын тұрақты бақылап, есепке алуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізіліп жатыр. Дәріханаларда рецепт бойынша берілген дәрілердің тиісті сапада және қолжетімді бағада міндетті түрде болуын қамтамасыз ететін жүйені жолға қою қажет.

Денсаулық сақтау министрлігіне “СК-Фармация” компаниясымен және әкімдіктермен бірлесіп, келесі жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды уақтылы сатып алу және үздіксіз жеткізу жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары