«Шығын – 1,2 млрд»: Алматыда 132 автокөлікті заңсыз тіркегендер сотталды

/
«Шығын – 1,2 млрд»: Алматыда 132 автокөлікті заңсыз тіркегендер сотталды
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үш жыл бойы бір топ адам Алматы қаласындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің көмегімен көліктерді бастапқы тіркеу үшін белгіленген алымдарды төлемей, жалған тіркеу жүргізіп отырған.

Схема ұйымдастырушылары алым төлеуден жалтарғысы келетін автокөлік иелерін іздеген делдалдар арқылы әрекет еткен.

Заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында көліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген.

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеуді қамтамасыз еткен.

Нәтижесінде 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді.

Сот үкімімен үш кінәлі 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары