Белгілі қазақстандық әнші Луина Қырғыз елінде мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесіне Қырғыз елінің астанасы Бішкекке ұлы ақын Жуммамудун Шералиевтің 110 жылдығына арналған концертте «Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі» атағы табысталған.
«Бүгін мен үшін өте маңызды сәт болды. Мен ұлы ақын Жумамүдүн Шералиевтің 110 жылдығына арналған концертте өнер көрсеттім — оның жырлары қырғыз мәдениетінің тынысы, халықтың үні және әнмен өмір сүретін уақытқа айналған тұлға.
Бұл мен үшін жай ғана сахна емес еді. Бұл — терең құрметтің, ризашылықтың және шынайы махаббаттың сәті болды.
Мен әрдайым Қырғызстанды, оның музыкасын, мәдениетін, тілін қатты жақсы көретінімді айтып жүремін. Бірақ ең алыдммен халықын сүйемін. Өте шынайы, ашық, мейірімді адамдарды. Менің мұнда көп достарым, әріптестерім, рухтас жандарым бар, олар мені үнемі шабыттандырады.
Бүгін маған «Қырғыз Республикасы Мәдениет үздігі» атағы табысталды. Бұл — мен үшін үлкен мәртебе әрі осы жерді шын жүректен сүйетін әртіс және адам ретінде зор жауапкершілік. Сондай-ақ, мен ұлы ақынның қыздары қатысқан залда, Жумамүдүн Шералиев атындағы отбасы мен қордан медаль алдым.
Бұл сәт менің есімде ұзақ сақталады. Бұл — менің жүрегімде қалатын ең жылы әрі әсерлі құрметтің белгісі.
Қырғыз Республикасы Мәдениет министрлігіне алғысым шексіз», - деді ол.