Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалыаурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулерінетап болады деген жалған ақпарат таратылуда. Бұлмүлдем шындыққа жанаспайды.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттергемедициналық көмектің көлемі мен сапасыбойынша кепілдіктер толық көлемдесақталатынына сендіреді.
ТМККК 11 ауруды емдеуді қамтиды
Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, оларбойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналықкөмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесінеқарамастан ұсынылады.
ТМККК пакетінде мыналар қалады:
туберкулез, АИТВ инфекциясы, созылмалывирустық гепатиттер және бауыр цирроздары, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықбұзылыстары, орфандық аурулар, жіті миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай), нерв жүйесініңдегенеративті аурулары, ОНЖ демиелинизациялықаурулары, эпилепсия, цереброваскулярлық аурулар(инсульттан кейінгі жағдай-бір жыл бойы).
Тізбеге алғаш рет мыналар енгізілді:
* эпилепсия;
* цереброваскулярлық аурулар (инсульттан кейінгіжағдай — бір жыл бойы).
Мұндай шешім ұзақ мерзімді бақылауды жәнетұрақты дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет ететін ауырневрологиялық аурулардан зардап шегетіназаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтугебағытталған.
Эпилепсия әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне енгізілген
Диспансерлік науқастардың Бірыңғай тіркелімініңдеректері бойынша Қазақстанда эпилепсияменауыратын 94 мыңға жуық пациент, оның ішінде 31 мың бала тіркелген.
Жыл сайын осындай диагнозы бар пациенттер 4 млрд теңгеге жуық сомаға 14 дәрілік затпенқамтамасыз етіледі.
Эпилепсияны әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесінеенгізу пациенттерге уақтылы, тегін және біліктімедициналық көмекке қол жеткізуге кепілдікбереді, сондай-ақ тұрақты дәрілік сүйемелдеудіқамтамасыз етеді.
Неліктен инсульттан кейінгі пациенттерді қолдау маңызды
Цереброваскулярлық ауруларды (бір жыл бойыинсульттан кейінгі жағдай) ӘМА тізбесіне қосу:
* пациенттерді үздіксіз оңалтумен жәнединамикалық бақылаумен қамтамасыз етуге;
* қалпына келтірудің ең маңызды кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеуді қамтамасыз етуге;
* қайталанатын тамырлардың бұзылу қаупіназайтуға мүмкіндік береді.
Инсульттан кейінгі алғашқы 12 ай функциялардықалпына келтірудің және мүгедектіктің алдыналудың шешуші кезеңі болып табылады, сондықтанмемлекет дәл осы кезеңде кепілдіктерді күшейтеді.
МӘМС жүйесіне ауысатын аурулар бойынша өзгерістер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне:
* қант диабеті;
* балалардың церебральды сал ауруы;
* дәнекер тіннің жүйелік зақымдануы;
* ревматизм.
Бұл ретте медициналық көмектің көлеміқысқармайды - тек қаржыландыру көзі ғанаөзгереді. Барлық сақтандырылған пациенттерМӘМС жүйесі шеңберінде емдеуді, консультациялар мен дәрі-дәрмектерді тегін алудыжалғастыруда.
Ерте анықтау және диагностика
Алғаш рет барлық әлеуметтік мәні бар аурулардыңбастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесінеқарамастан ТМККК шеңберінде жүргізілетінболады.
Бұған дейін бұл тек АИТВ инфекциясы жәнетуберкулезбен ауыратын пациенттерге қатысты.
Бұл ауруларды ерте анықтауды және емдеудіуақтылы бастауды қамтамасыз етеді, бұлденсаулықты сақтаудың негізгі факторы болыптабылады.
Мемлекет кепілдіктері
Мемлекет, бұрынғыдай, азаматтардыңжеңілдетілген санаттарына қатысты барлықкепілдіктерді сақтайды:
балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер, жұмыссыздар және басқалар.
Барлығы - 11 миллионнан астам қазақстандық.
Соның ішінде - мемлекет есебінен сақтандырылғанжәне медициналық көмекті тегін алудыжалғастыратын балалардың церебральды сал ауруымен (БЦА) ауыратын барлық пациенттер.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін жаңарту көмекті қысқартуемес, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және еңосал пациенттер үшін кепілдіктерді күшейту екенінатап көрсетеді.
Сақтандыру жарналары жергілікті атқарушыоргандар есебінен төленетін азаматтардыңәлеуметтік осал санаттарын (D және Е санаттары) сақтандыруды қаржылық қамтамасыз етуге ерекшеназар аударылатын болады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандаәлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі күшіне енеді. Шешім «Кейбірзаңнамалық актілерге міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру және медициналыққызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңын іске асыру шеңберіндеқабылданды.