«Азаматым жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды

/
«Азаматым жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды
Видеодан скриншот

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде марқұм жұбайын еске алып, жүрекжарды жазбасын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өз жазбасында өміріндегі өзгерістер туралы айта келе:

«Өмірлік қағида, отбасыдағы ереже мен дәстүр, ұстаным - ештеңе өзгерген жоқ. Бәрі сол қалпы. Тек азаматым жоқ. Әдеттегідей жиі қонақ күтеміз, жұма сайын құран оқып, иіс шығарамыз. Тек енді төріміз бос. Әдеттегідей демалыста отбасымызбен түстенеміз. Тек енді отағасы жоқ. Әдеттегідей жырақта жүрсек, күнде кешке видеомен байланысамыз. Тек енді әкесіз. Әдеттегідей апта сайын гүл аламын. Тек енді жарым емес, өз-өзіме не ұлдарым сыйлайды», - деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін «енді жазбаймын, көрсетпеймін, айтпаймын» деп уәде бергенін, алайда 6 қараша күні сол уәдесін бұзғанын мойындады.

Оның жазбасы желі қолданушыларының жүрегіне әсер етіп, көпшілік жылы пікірлер мен қолдау сөздерін қалдырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары