Астананың «Барыс» хоккей клубы өз алаңында екатеринбургтік «Автомобилистпен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Дінмұхамед Қайыржан мен Мейсон Морелли шайба салып, алаң иелері алға шықты, алайда қарсыластан Кертис Волк бір шайбамен жауап берді. Барлық шешуші сәт үшінші жиырма минуттықта болды. Қонақтар таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта «Барыс» мықтырақ ойнап, жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық клуб қатарынан алты ойын бойғы жеңілісін тоқтатты.
Келесі ойын 9 қарашада өтеді. Ол кезде «Барыс» өз алаңында магнитогорлық «Металлургты» қабылдайды.