«Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

/
«Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Астана қаласында «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталмыш сыйлық баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандардың кәсіби жетістіктері үшін беріледі.

Биыл сыйлыққа 400-ден астам өтініш келіп түсті. Шорт-листке 44 үміткер енді. Жұмыстар 11 номинация бойынша ұсынылды, оның ішінде «Жылдың үздік журналисі», «Үздік репортаж», «Үздік жаңалықтар сайты» және басқалары бар.

Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Сондай-ақ «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды.
Арнайы сыйлықты «Казахстанская правда» республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде «Үркер» естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.

«Үркер - 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:
Бауыржан Карипов –Qaz365.kz ақпараттық агенттігі
Жылдың үздік репортажы:
Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Майра Ерғали – «Атырау» газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті
Радиостанциядағы үздік жоба:
«Нысана» – «Шалқар» ұлттық радиоарнасы
Жылдың үздік фотосуреті:
Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Adyrna ұлттық порталы
Үздік өңірлік БАҚ:
«Астана ақшамы» газеті
Жылдың үздік подкасты:
Qstar Group
Жылдың үздік YouTube-арнасы:
Эксперты KZ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары