Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар анықталды

/
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар анықталды
Бас прокуратура

Түркістан облысында «Дрон» құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы «Құрсай» өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жер қойнауын заңсыз пайдалану – халық наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі.

«Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды, аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары