5 қарашадан бастап Павлодар облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz
Алғашқы тәуліктің өзінде-ақ полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қазақстанда болу ережелерін бұзған 47 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде алыс шетелдердің 3 азаматы және ТМД елдерінің 44 азаматы бар.
Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 8 дерегі тіркелді, 5 шетел азаматы елден шығарылды. Полиция қызметкерлері 33 әкімшілік материалды сотқа жолдады.
Мысалы көші-қон полициясы Қазақстанда болу мерзімін бұзған алыс шетелдердің үш азаматын анықтады.
Сондай-ақ көршілес елдің екі азаматы тиісті рұқсатсыз дәмханада еңбек қызметін атқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жұмыс беруші жауапқа тартылды.