Қырғыз депутаттары латын әліпбиіне көшуді ұсынды

Қырғыз депутаттары латын әліпбиіне көшуді ұсынды

Қырғыз депутаттары латын әліпбиіне көшуді ұсынды
ашық дереккөзі
Кириллица болашақта Қырғызстанға технологияны дамыту мен елдің модернизациясына бөгет болады. Бұл туралы Жогорку Кенеште "Ата Мекен" фракциясының депутаты Каныбек Иманалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru сайты "Вечерний Бишкек" газетіне сілтеме жасап. "Кириллица - біздің зияткерлік мұрамыз, әрине, оны қолдана береміз. Дегенмен 2030-2040 жылдары латын әліпбиіне көшу керек боламыз. Бұл уақыт пен технологияны дамыту талабы", - дейді депутат. Депутат латын әліпбиіне өту жеңіл болу үшін филологтарды қазірден даярлай беру керектігін атап өтті.