Астана қаласында базар өртеніп кетті

/
Астана қаласында базар өртеніп кетті
ТЖМ

Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан көтерме-бөлшек сауда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметнше, ангар үлгісіндегі бір қабатты ғимараттағы екі бутик өртеніп бастаған.

«Өрт орнында жедел штаб жұмыс істеді. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Өрт сөндірушілер өрттің таралу қаупін жойып, ашық жалынды ауыздықтады.

Жеке құрамнан 95 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары