Алматы әуежайында ондаған ұшақ кешігіп жатыр

/
Алматы әуежайында ондаған ұшақ кешігіп жатыр
istockphoto.com

Ауа райының қолайсыздығы ішкі және халықаралық әуе рейстерінің кестесін бұзды, деп хабарлайды turkystan.kz.

5 қараша күні Алматы халықаралық әуежайында қар жаууына байланысты рейстер жаппай кешігіп жатыр. Онлайн-табло деректері бойынша, Шымкенттен, Өскеменнен, Қарағандыдан, Ақтөбеден және Семейден келетін ұшақтар кешігуде.

Халықаралық бағыттар бойынша да – Шарм-эль-Шейх, Ташкент және Дели қалаларынан келетін рейстердің уақыты өзгерген.

Кешігу уақыты 20 минуттан екі сағаттан астам уақытқа дейін созылуда.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, қолайсыз ауа райы жағдайы кестенің бұзылуына себеп болған. Алматыда кеше алғашқы қар жауып, қала қысқы тазалау режиміне көшкен.

«Қала көшелерінде 918 арнайы техника мен 2 550 қызметкер жұмыс істеуде. Барлық әуежай қызметтері де күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр», – деп нақтылады әкімшілік.

Жолаушыларға рейстердің өзекті кестесін алдын ала Alaport.com сайтынан немесе тікелей әуе компанияларынан тексеріп отыру ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары