Жамбылда 20 жастағы жігіт біреудің 10 бұзауын ұрлап, сатып жіберген

/
Жамбылда 20 жастағы жігіт біреудің 10 бұзауын ұрлап, сатып жіберген
istockphoto.com

Мойынқұм аудандық соты мал ұрлады деп айыпталған жас жігітке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың тамызында сотталушы Ж. (2004ж.т.) шаруа қожалығында мал бағушы болып жұмыс істеп, ШҚ-на тиесілі 10 бұзауды жасырын ұрлап, таныстарына сатқан.

Нәтижесінде ШҚ-на 1,7 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Процеске қатысушылардың ешқайсысы сотталушыға қатысты рақымшылық жасауға қарсылық білдірген жоқ.

Сот ҚПК мен «Рақымшылық жасау туралы» Заңның нормаларын басшылыққа ала отырып, қылмыстық істі тоқтатып, Ж.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары