Астана – Петропавл тасжолында төрт көлік соқтығысты

/
Астана – Петропавл тасжолында төрт көлік соқтығысты

Ақмола полицейлері ауа-райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді қашықтықты және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен кеште Астана – Петропавл автожолында төрт көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, көліктерге тек механикалық зақым келген.

Патрульдік полицияның мәліметінше, Астана бағытына қозғалып келе жатқан Toyota Carina E жүргізушісі қашықтықты сақтамай, попутты бағытта келе жатқан Chevrolet Niva көлігіне соғылған. Сондай-ақ, апатқа Kia Rio және BMW X5 көліктері де қатысқан.

Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауа райының күрт нашарлауына және көктайғақтың пайда болуына байланысты Ақмола облысы патрульдік полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Абутәліповтің айтуынша, көктайғақтың алғашқы күні 1064 көліктің қозғалысы шектелген — олардың басым бөлігі жазғы дөңгелектермен жүрген.

«Қайта-қайта жасалған ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізушілер жазғы шиналармен жолға шығуға тәуекел етті. Қабылданған шаралар мен патрульдердің жұмысының арқасында сол күні зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ», – деді Әбутәліпов.

Осындай жағдайлардың ең көбі облыстық және республикалық трассаларда тіркелген — 430 дерек, Көкшетау қаласында – шамамен 100, қалғандары аудандық жолдарда орын алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары