Доллар бағасы күрт төмендеді

/
Доллар бағасы күрт төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 522,49 теңгені құрап, 5,42 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 4 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 528,31 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орта есеппен 524,73 теңгеден, сату – 527,23 теңгеден жүргізілуде. Астанада доллар орта есеппен 522,58 теңгеден сатып алынып, 529,58 теңгеден сатылуда. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 524,87 теңгеден сатып алып, 527,04 теңгеден сатуда.

Еске сала кетейік, 28 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,3 теңгеге төмендеді, 29 қазанда – 5,21 теңгеге төмендеді, 30 қазанда – 0,11 теңгеге өсті, 31 қазанда – 0,31 теңгеге өсті, ал 3 қарашада – 1,65 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары