Республика күні аясында Эстония мемлекетінде қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерт өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен “Алматы әуендері” шығармашылық ұжымы мен “Алатау” дәстүрлі өнер театрына қарасты “Ұлытау” тобының концерті Таллиндегі кешке жиналған көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.
Бұл концерт тек бір күндік іс-шара емес, екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстың айқын көрінісі болды.
"Концерт өте тамаша өтті. Әсіресе, ұлттық музыкадан басталып, кейін басқа стильдерге ауысқаны қатты ұнады. Осылайша қазақ өнерінің керемет шоуын көрдік. Шынында әсерлі болды. Көрермендер қол шапалақтап, музыканы беріліп тыңдады. Тіпті сіздің елшіңізді тауып, бүгінгі өнерпаздардың біздің фестивальге шақырсын деп айтқым келді. Осы қалпыңыздан таймаңыздар. Керемет, шынымен жақсы әсер алдық", – дейді Таллин тұрғыны.

"Концерт үшін көп рақмет! Шетелде қазақ музыкасын тыңдау – біз үшін ерекше қуаныш. Мұндай орындауды алғаш рет көріп тұрмын. Әншілердің дауысы шынымен мені тәнті етті. Эстонияға, соның ішінде Таллинге қош келдіңіздер. Үлкен алғысымды білдіремін", – дейді концертті тамашалаған көрермен.