Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанованың ауруханада түскен суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Блогер Айсұлу ханымның мәліметінше, Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовқа ота жасалған кезде оның қасынан табылған.
«Мөлдірдің бұрынғы жұбайы ауыр халде жатқанда, ауруханада жанында болдым. Жүрегі жаралы болса да, ерінің ауырғанына жаны ауырды. Амандығын тіледі. Тұрсынбек ауырып жатқанда, оған екінші әйелі емес, Мөлдір барып қарады», – деп жазды ол.