Доллар бағасы 528 теңгеге дейін түсті

/
Доллар бағасы 528 теңгеге дейін түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 528,31 теңгені құрап, 1,65 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 3 қарашадағы ресми доллар бағамы – 530,47 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 527,07 теңге, сату бағамы – 529,39 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 526,31 теңгеден сатып алып, 532,31 теңгеден сатады. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 528,13 теңгеден сатып алып, 530,38 теңгеден сатады.

Еске сала кетсек, 28 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 2,3 теңгеге төмендеген, 29 қазанда – 5,21 теңгеге төмендеген, ал 30 қазанда 0,11 теңгеге, 31 қазанда 0,31 теңгеге көтерілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары