Алматы тауларында 6 турист құтқарылды

/
Алматы тауларында 6 турист құтқарылды
112

Алматы тауларындағы Букреев шыңында 6 турист қалып қойған. Күн батып, қатты жауған жар мен жаңбырдың астында қалған. Араларында кішкентай екі қыз бала болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауа-райының қиындаған, туристердің геолокациялық деректері болмаған. Құтқарушыларға туристерге барып-қайту үшін шамамен бес сағат қажет болған.

Құтқарушылардың мінсіз дайындығының арқасында түнгі сағат 2-де туристер тобы ата-аналары күтіп тұрған "Елік-сай" турбазасының соңғы аялдамасына аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары