Тұрсынбек Қабатовқа не болды? Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуінің операциясы туралы айтты

/
Тұрсынбек Қабатовқа не болды? Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуінің операциясы туралы айтты
Видеодан скриншот

Журналист Жанар Байсеміздің YouTube арнасына сұхбат берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бір кездері Алматыдағы ауруханада басына операция жасатқанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Актрисаның сөзінше, ол бұл жағдайдың нақты себебін білмеген.

«Неден болғанын айтпады. Біреу соқты ма деп ойладым. Ал өзі “құлап қалдым” деп түсіндірді», — деді Мұқанова сұхбат барысында.

«Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек бас сүйектің орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келді, емделіп жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” – деп күлем ғой. Енді, өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал адам болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, ұл-қыздары да бәріміз өзімізді қоярға жер таппадық», - деді Мұқанова. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары