«Құны – 1,2 млрд теңге»: Қостанайда ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

/
«Құны – 1,2 млрд теңге»: Қостанайда ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
istockphoto.com

Қостанайда қала прокуратурасы «АБЗ плюс» ЖШС жалға алған, кадастрлық құны 1,2 миллиард теңге болатын 57 гектарға жуық жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жер учаскесі коммерциялық аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін берілген болатын. Алайда жүргізілген талдау барысында жерді беру кезінде бірқатар өрескел заң бұзушылықтары анықталды. 

Прокуратура жер учаскесінің міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ санитарлық-қорғау нормаларының бұзылғанын анықтады. 

Бұдан бөлек, жердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды. 

Анықталған заң бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді және жер ресурстарына тең қолжетімділік қағидаттарын бұзады. 

Тексеру нәтижесінде Қостанай қаласының прокуратурасы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 

Сот прокуратураның ұстанымын толық қолдап, шешім заңды күшіне енді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары