Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева соңғы сұхбаттарының бірінде өмірден өткен жары Тасқын Оқаповты сағынып жүргенін айтты, деп жазады turkystan.kz.
Әнші өнер жолындағы жалғыздықты да ашық мойындады.
«Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде ғана емес, өнерде де жалғызбын. Әрине, менің өнерімді бағалайтын, жақсы көретін жандар бар. Бірақ мен бәрін Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды көрмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әрі әке, өзім әрі анамын. Менің осы дәрежеге жетуіме Тасқынның еңбегі мен қолдауының әсері зор. Онымен жолықпағанда сахнада жүрер ме едім, белгісіз. Жас ұлғайған сайын оның маңызын тереңірек түсінесің», — деді әнші.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        