Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актриса желі қолданушыларының "Қайраттың концертіне қатыспайсыз ба?" деген сұрағына жауап қайтарды. Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінің басы-қасында жүргенін көрсетіп, дайындық кезінде түсірілген бейнелерді жүктеді,
"Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар", - деп жазды өнер иесі.
Сондай актриса концерттің ерекше форматта өтетіне тоқталды.
"Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле білмейтін талай моменттер болады. Ертең келіп, көзбен көріңіз", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.