Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйден 3 баланы алып шықты

/
Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйден 3 баланы алып шықты
Polisia.kz

Сәтбаев қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Сол маңды патрульдеп жүрген патрульдік полиция взводының қызмет инспекторлары Әсет Абдуакитов пен Нұрболат Нұрғабыл пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сол сәтте көмек сұрап жүгіріп шыққан тұрғын пәтер ішінде кәмелетке толмаған үш баланың қалып қойғанын айтқан. Тәртіп сақшылары еш кідірместен пәтерге кіріп, төсектің астынан бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Бірінші баланы құтқарғаннан кейін, олар екінші бөлмеге кіруге тырысқан, бірақ төбені шарпыған от ішке өтуге мүмкіндік бермеген. Содан полицейлер сыртқа шығып, терезенің торын жұлып алып, қалған екі баланы терезе арқылы шығарып, аман алып қалған.

Өрт сөндіру қызметі дереу шақырылып, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары